Астанада демалыс күндері салқын болады

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада жұмыс күндері ауа райы құбылмалы болды. Күн күрт суытып, жаңбыр жауды. Демалыс күндері де салқын, жауын-шашынды болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Астанада демалыс күндері салқын болады

Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +6+8°C, күндіз +12+18°C болады.

«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +6+8°C, күндіз +16+18°C болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

«Жексенбі күні елордада күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +12+14°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.