Астанада демалыс күндері жаңбырлы болмақ - Қазгидромет
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада күн күркіреп, жаңбыр жауады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ауа райын болжаушылардың мәліметіне қарағанда, жұма 2 тамыз күні Астанада күн жаңбырлы болады, сынап бағанасы күндіз 26 градусқа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Түнде жаңбыр жаумайды деп болжанып отыр, сынап бағанасы 15-17 градус нөлден жоғары.
Демалыс күндері де жауын-шашынды болмақ. Күндіз кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы сенбі және жексенбі күндері 26 градусқа дейін көтеріледі.