Астанада дене тәрбиесі пәнінің «Ең үздік мұғалімі» анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы Дене тәрбиесі пәнінің «Ең үздік мұғалімі» байқауын өткізді. Бұл тартысты бәсекеде Ерполат Сексенов жеңіске жетті.

в
Фото: Видеодан алынған скрин

– Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Байқаудың әрбір кезеңіне тыңғылықты дайындалдым. Сайысқа қатысуыма әріптестерім мен оқушылар көп күш берді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. І кезең онлайн форматта өтті. ІІ кезең “Үздік спорттық іс-шара” тақырыбында болды. Кейін денешынықтыру панорамасы бойынша өтті. Сосын дене шынықтырудан сабақ өттік. Ең соңында финалдық кезең ұйымдастырылды, – дейді байқау жеңімпазы Jibek Joly телеарнасының “Бүгін LIVE” бағдарламасына берген сұхбатында.

Доданың ақтық кезеңінде ең үздік деп танылған астаналық 6 мұғалім өзара бақ сынаған.

– Бұндай форматтағы байқауға алғаш рет қатысуым. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша келесі кезеңге 12 мұғалім өтеді. Содан соң 10, 8 және ақтық мәреге 6 мұғалім қатыстық. Бұл сайысқа соңғы 5-6 жыл бойы дайындалғанмын. Дайындығыма толық көңілім толғанша жарысқа қатыспай келдім. Биыл “дайынмын” деп, осы сайысқа қатысуға шешім қабылдадым. Бұл байқауда жеңіске жетемін деген нық сеніммен келдім десем де болады, – дейді Ерполат Сексенов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар