Астанада «Дені сау ұлт - қуатты Қазақстан» ұранымен шаңғы спортынан жарыс өтті
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Жексенбі, 13 наурыз күні Астана қаласының саябағында «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Дені сау ұлт - қуатты Қазақстан» ұранымен шаңғы спортынан жарыс өтті.
Бұл туралы Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарысқа «Астана Орманы», «Қазақстан темір жолы», ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, №7 аурухана, Ұлттық мұрағат, Есіл ауданының әкімдігі, «Астана» халықаралық әуежайы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Есіл ауданының қылмыстық соты, Республикалық диагностикалық орталығы және басқа да қалалық, республикалық мекемелерден барлығы 1500-ден астам адам қатысты.
Тартысты өткен доданың нәтижесінде әйелдер арасында Светлана Иманғожина, 35 жастан асқан ерлер арасында - Василий Кучин, 25 жасқа дейінгі жастар арасында Александр Пилипенко, студенттер арасында Алексей Кучук жеңімпаз атанды.