Астанада денсаулық фестивалі аясында бұқаралық жүгіру ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 5-інде Астана қаласында «Денсаулық фестивалі-2015» шарасы өтеді. Фестиваль аясында шамамен 5 мың адам қатысатын бұқаралық жаппай жүгіруден жарыс ұйымдастырылмақ.
Іс-шара аясында саябақ ішінде денсаулық қалашықтары орнатылады, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары медициналық кеңестер алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ қант диабеті және басқа да ауруларды анықтау бойынша шұғыл тестілер өткізіледі, мұнымен қоса қан қысымын өлшеп көруге болады. Ақпараттық материалдар да таратылып, денсаулықты күту жөнінде кеңестер беріледі. Сонымен қатар бұл күні саябақта спорттық сайыстар (таэквондо, каратэ, ұлттық күрес және т.б.) өтіп, эстрада әртістері, көркем шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Жаппай жүгірудің жеңімпаздары салттанатты түрде дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Атап өтейік, «Денсаулық фестивалі» 1999 жылғы қыркүйек айының бірінші жартысынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Оның мақсаты - халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дәріптеу, соның ішінде дене белсенділігімен және спортпен шұғылдану, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және өз денсаулығына деген үлкен жауапкершілікті сезіндіру. Осыған орай, 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз залында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен ұйымдастырылатын «Денсаулық фестивалі-2015» республикалық кең ауқымды акциясын өткізуге мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.