20:34, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Астанада денсаулық сақтау басқармасының жаңа бастығы тағайындалды
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Астанада денсаулық сақтау басқармасының жаңа бастығы тағайындалды. Басқарма бастығы Дәулетхан Есімов болды,

деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Қалалық денсаулық сақтау басқармасының жаңа бастығын таныстыруға рұқсат етіңіздер. Оған Дәулетхан Серғазыұлы Есімов тағайындалды. Сіздер оны жақсы білесіздер. Осы жердің тумасы, өздеріңізбен бірге жұмыс істеген, міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді белсенді ұйымдастырушылардың бірі болды», - деді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтың қатысуымен қалалық әкімдікте өткен кеңейтілген кеңесте.
46 жастағы Д.Есімов бұған дейін Астана қаласы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласын бақылау комитетінің департамент директоры болып жұмыс істеген.