Астанада денсаулық сақтау мәселелері бойынша үйлестіру отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әкімнің орынбасары Е.Аманшаевтың төрағалығымен Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады astana.gov.kz.
Кеңес барысында елорда бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалар қаралды, олардың қатарында халықтың шағымдану деңгейінің жоғарылығы, медицина ұйымдарында көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі, астанадағы жедел жәрдем қызметінің нашар жұмыс істеуі, дәрі-дәрмектердің жетіспеуі және т.б. көптеген мәселелер бар.
Соңғы бес жылда Астана халқы 150 мыңнан астам адамға артты, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 850 410 адамды құрайды. Жыл сайын қала халқы 35-40 адамға артып отырады. Сәйкесінше, 2020 жылға қарай астана тұрғындарының саны бір миллионнан асады деп болжауға болады.
Сондықтан қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі шиеленістің басты себептерінің бірі денсаулық сақтау нысандарының, әсіресе амбулаториялық-емхана секторында материалдық және кадр қуаттарының халықтың өсу қарқынына сәйкес келмеуінде болып табылады.
Соңғы бес жыл ішінде бірқатар денсаулық сақтау нысандарының, оның ішінде емханалардың салынғанына қарамастан, олардың көпшілігі бұрынғысынша көп жүктемемен жұмыс жасайды. Мысалы, бір ауысымда 500 пациенттің келуіне есептелген № 8 қалалық емхана 67 мың адамға қызмет көрсетуі керек, ал іс жүзінде бір ауысымда 644 пациентті қабылдайды.
Қуаты осыған ұқсас № 6 қалалық емхана 84,5 мың адамға қызмет көрсетеді, бір ауысымда 654 ауруды қабылдайды.
Оның ішінде органдарды ауыстырғаннан кейін аурулардың саны 48-ден 110-ға дейін, онкологиялық аурулар саны - 1057-ден 1125-ке дейін өсті, аталған бағдарламаны 1,4 млрд. теңге мөлшерінде қаржыландырған жағдайда 1,2 млрд. теңге тапшылығы қазірдің өзінде сезіледі. Бес жыл ішінде қаланың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 12,7 млрд. теңгеден 31,6 млрд. теңгеге дейін өсті.
Бұдан бөлек, қаладағы туу көрсеткіші де өсіп келеді. Бес жыл ішінде бұл көрсеткіш 1000 адамға 24,5 -дан (16 444 абс.) 29-ға дейін өсті, (24 487 абс.) Қала тұрғындарымен қатар Астанада босанғысы келетін басқа қалалардан келген әйелдер саны да артуда. Ауруға қатысты да осыған ұқсас жағдай орын алған, шекаралас облыстардың тұрғындары емделу үшін қала стационарларын таңдағандықтан, емханалардағы кезектер мен тұрғындардың арыздары мен наразылығы ең басты себеп болып табылады.
Қалалық жедел жәрдем станцияларында жедел жәрдем машиналарының жетіспеуіне байланысты шиеленісті жағдай орын алған, қолда тиісті 85 машинаның орнына болғаны 56 машина жұмыс жасауда. Барлық көрсетілген мәселелер бойынша оларды қысқа мерзімде шешу бойынша іс-қимыл жоспарын жасау тапсырылды.
Отырыс барысында жарақаттанушылықтың алдын алу мәселесі қарастырылды. Ағымдағы жылы Астанада жол-көлік оқиғасына байланысты 604 оқиға тіркелді, мұнда 699 адам зардап шекті, соның ішінде кәмелетке толмағандар саны - 108.
Аталған мәселенің өзектілігінің зор екенін ескере отырып, Астана әкімдігі Астана қаласы бойынша 2015-2017 жылдарға арналған жарақаттан, уланудан және жазатайым жағдайлардан болатын өлім-жітімді азайту жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Жарақаттылықты азайту жөніндегі ведомствоаралық жоспарға сәйкес атқарылған іс-шаралар мен оны орындау бойынша әрі қарайғы жұмыс барысы туралы баяндамалар тыңдалды.
Бұдан бөлек, мектеп медицинасын Білім беру басқармасынан Денсаулық сақтау басқармасы ведомствосына беру мәселесі қаралды. Мектеп медицинасын беру бойынша нақты міндеттер белгіленіп, ағымдағы жағдайға талдау жасалды. Сондай-ақ, оқушыларға профилактикалық және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар балаларды туған сәтінен бастап 17 жасқа жеткенге дейін бақылаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Бұл, бәрінен де бұрын, мектептегі медицина қызметкерінің рөлі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді, ол өзінің еңбегінің нәтижесін көруге ынталанады.