Астанада денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүзеге асыру жобасы қорытындыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүзеге асыру және технологияларды тарату» жобасын жүзеге асыру барысы туралы» қорытынды конференция өтті.

Астанада денсаулық сақтау секторында институционалды реформаларды жүзеге асыру жобасы қорытындыланды

«Бұл жоба кешенді жоба, себебі 7 бөлім мен 13 тармақшадан тұрады. Бұл бөлімдердің барлығы ортақ мақсатқа жету үшін өзара байланысқан. Негізгі мақсат - шетелдік консалтинг компаниялары мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында өзара тиімді әріптестік орнату», - деді жобаның ұлттық үйлестірушісі Болат Тәкежанов.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық стандарттар енгізіліп, ұзақ мерзімді институционалды потенциал қалыптасқан.

Жалпы, 16-20 қараша аралығында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің жобалау топтары, Канада, АҚШ, Финляндия, Испания және өзге елдердің сарапшылары жобаның барлық жеті бөліміне талдау жасайды.