Астанада Дэвис Кубогының плей-офф ойындары өтеді
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 14-16-сы күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының плей-офф ойындары аясында Қазақстанның құрамасы өзбек теннисшілерімен кездеседі.
Осы турнирдің жеңімпазы 2013 жылы Дэвис Кубогы үшін әлемдік жарыстарға қатыса алады. Ал жеңілген команда жарыс жолынан шығады. Жеребе бойынша Қазақстан Өзбекстанмен күш сынасып көрсе, басқа турнирлер «Ресей - Бразилия», «Германия - Австралия», «Израиль - Жапония», «Швеция - Бельгия» «Канада - Оңтүстік Африка Республкасы», «Италия - Чили», «Швейцария - Голландия» форматында өтетін болды.
Айта кетейік, Дэвис Кубогының соңғы рейтингісіне сәйкес, Қазақстан 9-шы орында тұр. Ал Өзбекстанның құрама командасы 21-ші орынға ие.