Астанада «Дінаралық татулық - тәуелсіздіктің тірегі» атты шығармашылық байқау өтеді
Шараның мақсаты - діни емес ағымдардың әсер ету қауіпінің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ақпарат тарату бойынша жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау, еліміздің дәстүрі мен мәдениетіне сай діни сана-сезімді қалыптастыру. Сонымен қатар, дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ және қасақана емес жариялайтын БАҚ өкілдері ынталандырылатын болады.
Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы», «Ең үздік көрнекті туынды», «Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий». Әр номинацияда жүлделі үш орын болады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін baiqau@mail.ru электрондық поштасы бойынша қабылданады. Толық ақпаратты + 7701 173 23 76, + 7747 666 27 04 телефондары бойынша және religii.kz сайтынан алуға болады.