Астанада діни әдебиетті таратуға арналған 8 арнайы тұрақты үй-жай белгіленді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы Қазақстан Республикасы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының бұзылмауына басты назар аударады, деп хабарлайды елорданың бақылау органының баспасөз қызметі.
None
None

Осы мәселеге орай Астана прокуратурасы халыққа үндеу жариялады. ҚазАқпарат осы құжаттың толық мәтінін таратады.

  Ү Н Д Е У

Заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың

алдын алу мақсатында

(ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 талабына сәйкес)

Қазақстан Республикасы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерiнде (ғимараттарында), дiни бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары арнайы белгiлеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол берiледi.

Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің 31.07.2012 жылғы 31 шілдедегі №111-1076 қаулысымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін 8 арнайы тұрақты үй-жайдың тізімі бекітілген. Олар:

«Күлтегін» дүкені, Абылай хан даңғылы, №6/1;

«КиК» дүкені, Абылай хан даңғылы, №29/1;

«Вороненко И.М.» ЖК, Абай даңғылы, №89;

«Абай» дүкені,  Ә.Бөкейхан көшесі, №30;

«Кәусар» дүкені, Бейбітшілік көшесі, №69;

«Алматы» дүкені, Абай даңғылы, №39;

«Книжный Эльдорадо» дүкені, Бейбітшілік көшесі, №31;

«Эльдорадо» дүкені, Д.Қонаев көшесі, №35/1.

Дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды заңмен қарастырылмаған жерлерде таратуға тыйым салынады.

Қолданыстағы заңнамада дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚК 375-бабы 1-бөлігі) жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дiни бiрлестiктердің басшыларына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Осыған орай, дін саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының талаптарын бұзуға болмайтынын назарларыңызға саламыз.

Соңғы жаңалықтар