Астанада Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті.

Астанада Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті

«Іс-шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің, Қазақстан дінтанушылар Конгресінің, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және ҚР МСМ Дін істері комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Жиналыс жұмысының аясында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің атынан Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан халқына құттықтау хаты бекітілді.

Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Жиналыстың мүшелері мен қонақтары үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның ресми бөлігінен кейін оған қатысушыларға ыстық шәй, «Наурыз көже» дәстүрлі тағамы, шығыс тамақтары ұсынылды.

Сондай-ақ түрлі конфессия өкілдері «Асық ату», «Арқан тарту» ұлттық ойындарына белсене қатысты.