Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді

наурыз
Фото: parstoday.ir

АСТАНА. KAZINFORM – 7 шілдеде ЭКСПО аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған «Заманауи домбыра» мерекелік шоу-концерті өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Концерттік бағдарламаның тұжырымдамасы – заманауи балетпен ұштастыра отырып, қазақ этникалық домбыра аспабының әлеуетін зерттеуге және көрсетуге бағытталған мультимедиялық интерактивті технологияларды пайдалана отырып, музыкалық перфоманс дайындау.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, музыканттардың, суретшілердің, балет әртістерінің және графикалық мамандардың ынтымақтастығы арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығарма жасалады.

Шоу танымал қазақстандық орындаушылар, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық аспапты кеңінен дәріптеуге бағытталған.

Мерекелік концерттің жүргізушілері: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

Кеш қонақтары: Kalifarniya, Ақтоты Болшова, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Серпер» виртуоздар домбырашылар ансамблі, «SAZ» этно тобы, «Steppe Sons», «Assyl», «T&Y», «Арт-домбыра», «Aldaspan», Dj Годунов.

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram