16:00, 16 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Астанада дөнер дүңгіршегі жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Күйші Дина көшесі, 31 мекенжайындағы дөнер дүңгіршегіне қайта жабдықталған жеке тұрған контейнер жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Дүңгіршектің төбесі мен сыртқы қаптамасы жанып кеткен. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол сағат 12.46-да басталып, 12.56-да ауыздықталды және 13.02-де сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Өртті сөндіретін орынға 12 қызметкер мен 3 мамандандырылған өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.