Астанада донер кафесі өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада донер кафесі өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метр.

Астана
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

Оқиға орнына, Байқоңыр ауданындағы донер кафесі жанып жатқан аумақта елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды. Кафедегі өрт оқшауланды.

Соңғы жаңалықтар