Астанада дөнер цехында жарылыс болып, жанындағы көлікті жалын шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

взрыв и пожар в донерной в Астане
Фото: ТЖМ

«Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шықты», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт алдын ала 24 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Сағат 23:46-да оның толығымен жойылғаны туралы хабарлама келді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар