Астанада «Допинг» операциясы барысында героин сатумен айналысқан ер азамат ұсталды - Көліктегі Ішкі істер департаменті

АСТАНА.  Қыркүйектің  21-і. ҚазАқпарат /Қанат  Құлшыманов/ -  Көліктегі   Орталық  Ішкі істер  департаменті  қызмет көрсететін  аумақта қыркүйектің 7-сі мен 17-сі аралығында    «Допинг»    операциясы  өткізілді, 

Астанада  «Допинг»   операциясы  барысында   героин сатумен  айналысқан  ер  азамат  ұсталды -  Көліктегі   Ішкі істер  департаменті

деп  хабарлайды ҚазАқпарат    Көліктегі  Орталық  ішкі істер  департаментінің   баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Атап айтқанда,  «Допинг»  операциясы  барысында   «Рубеж-есірткі»  тосқауыл   жүйесі  бекеті  мен   Ішкі істер  департаменті Есірткімен  күрес  жөніндегі басқармасының  қызметкерлері Астана   қаласында героин сатумен айналысқан   44 жастағы ер  азаматты  ұстады.   Әлгінің      үйін тінту кезінде    салмағы  2 грамнан асатын  (аса ірі көлемде) героинның  үш түйіншегі табылды.  Бұл  факті  бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің  259-шы бабы  бойынша  қылмыстық іс қозғалды.   Ұсталған   азамат   уақытша  оқшаулау абақтысына жабылды.   Тергеу   амалы  жүргізілуде.

Сондай-ақ  Қарағанды облысының Ақтау қаласында    героин  сатқаны үшін  37 жастағы Д.,   есімді  азаматша  ұсталып,  оны  тінту  кезінде     салмағы 2 грамнан астам  героин заты   салынған  8  полимер  түйіншек   тәркіленді.  Тергеу амалы    жүргізілуде.