Астанада Достық көшесі жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-12 маусым аралығында Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау шараларын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады.
Сол себепті, жүргізушілер жол бағдарларын алдын ала жоспарлап алуы керек.