Астанада дүлей жел елордалықтарды едәуір әбігерге салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дүлей жел елордалықтарды едәуір әбігерге салып, бірқатар төтенше оқиғаларға себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Астанада дүлей жел елордалықтарды едәуір әбігерге салды


Бүгін сағат 14:15-те Астана теміржол вокзалының перроны аумағы 40 шаршы метр болатын қалқа опырылып, «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына құлады. ҚТЖ-ның алдын ала болжамы бойынша, бұл оқиға желдің қатты ұйытқуы және қардың көп түсуі себебінен орын алған. Абырой болғанда жолаушыларға еш зақым келмеді.

 

Тәуелсіздік даңғылында KFC компаниясының үлкен билборды желдің қарқынына шыдамай, жерге құлады.

 

Сонымен қатар, жел мен көктайғақ салдарынан бірқатар жол-көлік апаттары орын алды. Астанада жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, көшеге жарық беретін бағанды соғып құлатты.

 

Айта кетейік, «Қазгидромет» Астанада 25 қаңтар күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, бұрқасын соғып, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25, күндіз 30 м/с-қа күшейеді деп хабарлаған болатын.

 

Қатты желдің себебінен елордада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болған жоқ.