Астанада «Думан» ОСО маңында көлік өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Думан» ойын-сауық орталығының қарама-қарсы бетінде «Мерседез бенз» көлігі өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Астанада «Думан» ОСО маңында көлік өртенді

«16 ақпанда сағат шамамен 17:26 кезінде «101» қызметіне «Думан» ойын-сауық орталығының қарама-қарсы бетінде «Мерседес бенц» көлігінің отқа оранғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, көліктің салоны мен багажы отқа оранғанын анықтады», - деп хабарлайды Руслан Иманқұлов.

Өрт сөндірушілер көп өтпей тілсіз жауды ауыздықтаған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 1 адам мен 2 арнайы техника жұмылдырылды.

«Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрт сағат 17:34 кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

null