Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.
None
None

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың хабарлауынша, құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады.

«Құрылтайдың мақсаты - шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшуге ынталандыру, олардың қандай қажеттіліктері барын анықтау», - дейді Балғабаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі - әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары. Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы 1992 жылы Алматыда,  II құрылтайы 2002 жылы Түркістанда өткізілген болатын. Ал одан кейінгі құрылтайлар 2005 және 2011 жылдары елордамыз Астанада өтті. 

Соңғы жаңалықтар