Астанада дүниежүзілік ұйымның аусылға қарсы үйлестіру кеңесі құрылады
Айта кетерлігі, 2013 жылдың 16 қазанында Астана қаласында жасалған келісімге сәйкес, Астана қаласында жануарлардың аусыл ауруы бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының субөңiрлiк үйлестiру кеңсесiн құрылады. Халықаралық кеңсе жұмысы аусыл ауруына бақылауды күшейтуге, аймақтық деңгейде осы аурумен күресу бойынша стратегия мен бiрыңғай әдiстемелер жасауға бағытталған.
Бұдан бөлек, Астанада құрылатын кеңсе Халықаралық эпизоотиялық бюроның арнайы және аймақтық комиссияларымен бiрлесе отырып аусылмен күресу бойынша Орталық Азия аймағы аумағында ветеринариялық қызметтерді бiріктіруді қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, кеңсе жанынан аусыл ауруына қарсы вакцина банкiн құру көзделеді. Бұл ретте Орталық Азия республикалары үшін вакциналау мақсатында аусылға қарсы сапалы екпелер сатып алуға бюро жыл сайын грант бөлуді қарастырады.
Еске сала кетейік, Қазақстан 1993 жылдан бастап Халықаралық эпизоотиялық бюроның мүшесi болып табылады.
Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылады.