Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған кең ауқымды акция өтті.

Астанада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өтті  (ФОТО)

Шара Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты - жұртшылық назарын ЖИТС(ВИЧ)-инспекциясы проблемасына аудару, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі болды.

Акцияға қала жастары, Медициналық-техникалық колледж студенттері, «Астана медициналық университеті» АҚ, «Қазақ ұлттық өнер университеті» және т.б. студенттері қатысып, флеш-моб, плакаттар байқауы, спорт ойындары, викторина, концерт өткізді. 2015 жылғы бірлескен жемісті еңбегі үшін ЖИТС орталығы Астана қаласы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасына, білім беру басқармасына, Астана қ. ІІД, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына, Политехникалық колледжге, «Шалқар» радиосына, Қызыл жарты ай қоғамына, «Хабар» арнасына, «Астана ақшамы» газетіне алғыс білдірді. Орталық мамандарымен әр тілек білдіруші кеңес ала алады. Тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады. Барлық белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар, грамоталар, алғыс хаттар табыс етілді. Тұтастай шараға 1500-ден астам адам қатысты.