Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Бүркітші» атты жаңа мурал пайда болды

 АСТАНА. KAZINFORM – Елорда Бейбарыс Сұлтан көшесінде пайда болған «Бүркітші» атты жаңа муралмен безендірілді. Ол 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында қалада өтетін Дүниежүзілік көшпенділердің ойындарына арналған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

мурал
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Муралдың биіктігі - 16 метр. Онда бүркітті аспанға ұшырған бүркітші ер адам бейнеленген, бұл ойындардың басталуын білдіреді. Суретте сонымен қатар көшпелі өмір мен қазақтың мәдени дәстүрін бейнелейтін таулар мен киіз үйлер бейнеленген.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыстар.
Оған Мәдени мұра мен Орталық Азияның халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

мурал
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты