Астанада «Джиро д'Италия-2013» жеңімпазы Винченцо Нибалидің қатысуымен велошеру өтеді
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - 8 маусым күні Астанада «Astana» велокомандасы жұлдыздарының, соның ішінде «Джиро д'Италия-2013» жеңімпазы Винченцо Нибалидің қатысуымен велошеру өтеді,
деп хабарлады «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының баспасөз қызметінен.
Шараға «Astana» велокомандасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Аллен Чайжунусов, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас менеджері Айдар Махметов қатысады.
Велошеруге кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Сайыс кәсіби велошабандоздардың және әуесқойлардың арасында өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы желтоқсан айынан бастап «Astana» велокомандасы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірді.