Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 27-29 қаңтар аралығында джиу-джитсу спортынан Халықаралық рейтингтік «Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship - Gi» турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнир өтеді

Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауы бойынша сайысқа 16 жастан асқан барлық ерікті қатыса алады. Жекпе-жектер 10 салмақ дәрежесінде өтеді.

Астана төрінде жұлдызы жанып жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар  «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2017» турниріне жолдама алады.