Астанада «Е-жедел жәрдем», «Ақылды үй», «Бүгінгі болашақ мектеп», «Автоматтандырылған фармацевт» жобалары іске қосылды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың зияткерлік даму жобаларын жүзеге асыру 28 қарашада «Көрме» орталығында өтетін «Smart Astana-2012» конференциясында талқыланатын ең өзекті тақырып болмақ, - деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада «Е-жедел жәрдем», «Ақылды үй», «Бүгінгі болашақ мектеп», «Автоматтандырылған фармацевт» жобалары іске қосылды

Конференция аясында 2011-2012 жылдары енгізіліп, іске қосылған «Smart Astana» жобаларының көрмесі өткізіледі. Ол - «Е-жедел жәрдем», «Күйші Дина, 37-дегі «Ақылды үй», «Бүгінгі болашақ мектеп», «Смарт-лифт» және «Автоматтандырылған фармацевт» жобалары. Жүзеге асыру кезеңінің алғашқы қорытындылары «Smart Astana-2012» конференциясында шығарылады .

«Smart Astana» конференциясы бұл - елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсету сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен инновацияны енгізу, қаланың бәсекеге қабілеттілігі өзекті тақырыптарын талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң құруға бағытталған жыл сайынғы қалалық іс-шара.

Конференция жұмысына ҚР орталық атқарушы органдары басшылары, инновациялық қауымдастық өкілдері, IT энергетика, білім, медицина саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, жабдықтар мен технология өндірушілер, басқа да адамдар қатысады.

Конференция аясында «Smart Астана балалары», «Үздік инновациялық мекеме/бағыныстағы кәсіпорын» байқауларының қорытындылары шығарылады.