Астанада егде жастағы әйел мен ер адам электргенераторынан бөлінген газға уланып қалды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - 6 қараша күні сағат 03.25-те Астана қаласының маңында орналасқан

Астанада егде жастағы әйел мен ер адам электргенераторынан бөлінген газға уланып қалды

Күйгенжар кентінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйде 76 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адам бензинмен жұмыс істейтін электргенераторынан шыққан қалдық газбен уланып қалды.

Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.