Астанада екі көше учаскесі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM –  Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е.Брусиловский мен Г.Титов көшелеріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Астанада екі көше учаскесі уақытша жабылады
Фото: gov.kz

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Е.Брусиловский көшесінің Кенесары көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскесінде 5-6 мамыр аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Сондай-ақ Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Г.Титов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты 5-6 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген хабарламада.