Астанада екі адам абайсызда пойыз астына түсіп мерт болды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Астанада екі адам жолаушылар пойызының астына түсіп, мерт болды,

Астанада екі адам абайсызда пойыз астына түсіп мерт болды - ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Қаңтардың 28-і күні кешкі сағат 22.05-те темір жолдардың 41-ші разъезінде рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған 30 жастағы бір әйел мен бір азамат, «Астана -Қарағанды» бағытындағы №856-шы электр пойызының астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды.