Астанада екі адам иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Астана қаласында екі адам иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Сенбі, 10 науыз күні Астананың «Железнодорожный» тұрғын алабындағы Жамбыл көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдегі қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 1989 және 1938 жылғы екі адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.