Астанада екі апта бұрын жоғалған 13 жастағы қыз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың тәртіп сақшылары осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы мектеп оқушысын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада екі апта бұрын жоғалған 13 жастағы қыз табылды

«Астаналық полиция қызметкерлерінің қызылордалық тәртіп сақшыларымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының барысында кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері анықталды. Қыз дін аман», - деп хабарлады Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 13 жастағы Астана тұрғыны 6 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Туыстары полицияға хабарласқан соң оны іздестіру жұмыстары басталды.