Астанада екі автобустың бағдары өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - № 14 және 64 қалалық автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Астанада 20 қыркүйектен бастап Абай даңғылының Пушкин көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №14, 64 бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.
Осылайша, № 14, 64 бағдарлар айналма жолмен жүреді: Кенесары к-сі - Жұбанов к-сі - Абай даңғылы, одан әрі бұрынғы бағыт бойынша қозғалады.
Кері бағытта бекітілген сызба бойынша Абай даңғылымен жүреді. Бұрынғы қозғалыс сызбасы жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келеді.