Астанада екі бала мен бір бойжеткен газ иісінен уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жекеменшік үйде екі бала иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Астанада екі бала мен бір бойжеткен газ иісінен уланып қалды

ТЖ Сарыарқа ауданында Үшқоңыр көшесінің бойында орын алды. Жылыту пешінен тағы ақау шықты. Салдарынан 3 және 1 жасар бала газ иісінен уланып, ауруханаға жатқызылды. Дәл осындай жағдайда Астананың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында тұратын 17 жасар қыз зардап шекті. Ол да ауруханада жатыр.