Астанада екі бүлдіршін көмірқышқыл газына уланып қалды
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен түнде Астанада екі бүлдіршін көмірқышқыл газына улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
ТЖМ-ның ақпараты бойынша, үш және бір жасар сәбилер 22 желтоқсан күні түнгі сағат үш жарым шамасында Сарыарқа ауданындағы Жароков көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан уланған.