Астанада екі отандық промоушен аралас жекпе-жектен турнир ұйымдастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада екі отандық промоушен аралас жекпе-жектен турнир ұйымдастырады

Турнирді жаңа қазақстандық промоушен Tobet Fighting Championship және серіктесі Fight nights global, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен Alash pride ұйымдастырады.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен күш сынасқан.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Жовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтің кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.