Астанада екі проблемалық нысан пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтаумен байланысты проблемалық нысандар Астана қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 
None
None

Осы бағыттағы жұмыстар Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) жұмысы аясында жүргізіледі.

Аталмыш комисия тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, «Айсанам» және «Тұмар» тұрғын үй кешендерін салушыларға рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру бойынша құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде «Азбука жилья» компаниялар тобының проблемалық нысандарының тізіміне енгізілген «Айсанам» және «Тұмар» тұрғын үй кешендерін тапсыру туралы қол қойылған акті қолда бар.

Аталған нысандардағы 920 пәтердің инвесторлары тұрғын үйге жеке меншік құқығын рәсімдей алады.

Барлық проблемалық нысандар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар