Астанада екі жасөспірім иіс тиіп уланды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 12.58-де Астана қаласының Алматы ауданында пештің ақауы салдарынан 12 және 18 жастағы екі жасөспірім иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

Астанада екі жасөспірім иіс тиіп уланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.