08:31, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада екі жұмысшы электр жарақаттарын алды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада екі жұмысшы электр жарақаттарын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше Астана қаласында Ш. Құдайбердіұлы көшесінің бойында орналасқан кіші стансыда жер жұмыстарын жүргізу барысында «Гламур Құрылыс» ЖШС-нің 1958 және 1992 жылдары туған жұмысшылары электр жарақаттарын алды. Ер адамдар ауруханаға жеткізілді.