Астанада екі жұмысшы жарақаттанды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада екі жұмысшы жарақаттанды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Елорданың Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында құрылыс жұмыстары кезінде «Астанатрансқұрылыс» ЖШС-ның 30 жастағы құрастырушысы 13-ші қабаттан құлады. Ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ал Сарыарқа ауданында «Жоғары ярус» ЖШС-ның 37 жастағы ағаш ұстасы қолынан жарақаттанған. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді.