Астанада екінші ауысымдағы 1-4 сыныптар үшін сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында аязға байланысты екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
«Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 21 қараша күні ауа райы қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - делінген таратылған хабарламада.
Осы уақытта елордада ауа бағамы -26 градусты көрсетіп тұр.
Еске салайық, бүгін сондай-ақ бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылған болатын.