Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қаланың Білім басқармасына сілтеме жасап.
«Астана қаласы білім басқармасы хабарлайды: 06.03.2018 жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды», - делінген басқарма сайтында жарияланған хабарламада.