Астанада екінші индустриалды парк салынады

АСТАНА. KAZINFORM – АСТАНА. KAZINFORM – Астана АЭА аумағындағы №1 индустриалды парк республикада өндіріс көлемі бойынша көшбасшы атанды және екінші индустриалды парк жобасы қолға алынды. Бұл туралы Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов айтып берді.

Астанада екінші индустриалды парк салынады
Фото: kazpravda.kz

− Астана дәстүрлі түнде ел экономикасына инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында. 2024 жылы елорда экономикасына 1 трлн 900 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды және алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,1 пайыз өсім байқалды, − деді Х. Әкімжанов қалалық мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, жеке инвестициялар үлесі шамамен 71% құрайды (1,1 трлн теңге) және өткен жылғы көрсеткіштен 12,4% өсім бар.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7% өсіммен 2,5 трлн теңгені құрады, өңдеу өнеркәсібінде 9,8% өсіммен 2,3 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіптік жобалардың үлесі негізінен арнайы экономикалық аймақ аумағында шоғырланған, онда 345 млрд теңге инвестиция сомасына 130 жоба орналастырылған. Оның ішінде 70 өнеркәсіптік нысан іске қосылған және толыққанды жұмыс істеп тұр, 60-ы іске асыру сатысында.

− Астана АЭА аумағындағы №1 индустриалды парк республикада өндіріс көлемі бойынша көшбасшы екенін атап өткім келеді. Өндіріс жұмыс істеудің барлық кезеңінде 83% орташа жүктеме мен 8,6 трлн теңгеге жетті. Сондай-ақ, салық аударымдары, экспорт көлемі бойынша және барлық арнайы экономикалық аймақтар бойынша көшбасшы атанды. №1 индустриалды парктің оң тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану арқылы №2 индустриалды парк жобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда, - деді Х. Әкімжанов.

Бүгінде 409 гектар жер учаскесі анықталды, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Конкурстық құжаттама әзірленіп, экономикалық қорытынды алу үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

− Биыл құрылыс жұмыстарының бірінші кезегі басталады және 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жобаны қаржыландыруға қатысты Бәйтерек холдингінің механизмі арқылы жеңілдетілген 6 пайыз мөлшерлемесімен қайтарымды қарыз тартылады, - деді спикер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысы қашан аяқталатыны айтылғанын жазған едім. 

Соңғы жаңалықтар