Астанада эко-асар шарасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында алғашқы рет Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Қайта өңдеу!» тақырыбында эко-асар іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада эко-асар шарасы өтеді

Эко-асарда Сіз Қазақстан Республикасының қалдықтарды өңдеу саласы жайлы көбірек біліп, эко-викторинада және бағалы жүлделердің ұтыс ойынына қатыса аласыз. Нені өңдейді? Қалай өңдейді? Қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау? Өңделген қайталама шикі заттан не алуға болады?

Өзіңізбен бірге қолданылған батареяларды, сынапы бар шамдарды, электрикалық техникаларды (ескі телефондар, калькуляторлар, магнитофондар, колонкалар, үтіктер және т.б.), палстиктердің барлық түрін (ПЭТ, ПЭНД, ПВХ, ПЭВД), макулатураларды (картон, кітаптар, дәптерлер, газеталар, журналдар және т.б.) алып келеңіз. Осылардың барлығы «екінші өмірін» алып және өңдеуге кетеді.

Акция «Қазақстан» спорт сарайының аумағында 2 маусым күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.