Астанада экскаватор жүргізушісі жүргіншіні басып кетіп, ол адам оқиға орнында көз жұмды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і.    ҚазАқпарат - Елордалық Сарыарқа ауданында су құбырларын   төсеу  жұмыстары кезінде     қайғылы оқиға орын алды.

Астанада  экскаватор   жүргізушісі    жүргіншіні басып   кетіп,  ол адам  оқиға  орнында көз жұмды

 Шынжыр  табанды   экскаватордың     жүргізушісі  жаяу  жүргіншіні  басып    кетті,  деп хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз  қызметінен.

 Қайғылы оқиға  сәрсенбі күні сағат 10.30-да  орын  алған.   Зардап шегуші   алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.