Астанада эксклюзивті арт-жоба «Әйелдер әлемі» - «Бейне-2009» жарнама агенттігінің таныстырылымы болды

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Кеше қаңтардың 20-сы күні Астанадағы «Алаша» мейрамханасында эксклюзивті арт-жоба «Әйелдер әлемі» - «Бейне-2009» жарнама агенттігінің таныстырылымы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шараның мақсаты -жұртшылықты «Бейне» деген атпен жарық көрген түрлі түсті суреттер бейнеленген күнтізбемен таныстыру. Аталмыш күнтізбеде Қазақстанның танымал іскер әйелдерінің суреттері орналастырылған. Тұсаукесер барысында аталмыш жарияланымға енген ханымдар жұртшылық алдында өздерінің бойларындағы сұлулық пен әсемдікке деген ынта-ықыласын, сәнді киім үлгілерін көрсетті. Аталмыш шараға еліміздің бірқатар министрліктері мен ведомстволарының әйел басшылары және сенатор Светлана Жалмағамбетова, ақын Фариза Оңғарсынова сынды танымал тұлғалар да қатысты.
Соңғы жаңалықтар