Астанада «Эксперт» клубының отырысында ұлттық компаниялардың жыл қорытындылары талқыланады

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - 26 желтоқсан күні «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жанынан құрылған «Эксперт» клубының кезекті отырысы өтеді. Онда «Жыл қорытындысы: өткен жыл ұлттық компаниялардың есінде несімен қалды?» деген тақырып талқыланады.

Астанада «Эксперт» клубының отырысында ұлттық компаниялардың жыл қорытындылары талқыланады

Бұл туралы қордың қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

Әдеттегідей клуб отырысына саясаткерлер, мемлекеттік аппарат өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, көсемсөзшілер қатысады.

Отырыс барысында Қор құрамындағы ірі ұлттық компаниялардың жетекшілері өз ұйымдарының қызметі бойынша өткен 2012 жылды қорытындылайды.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ жанынан құрылған «Эксперт» клубы - елімізде болып жатқан аса маңызды мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық процестерді талқылау үшін құрылған ашық ақпараттық-сараптама алаңы. Клуб өз жұмысында ашықтық принципіне сүйенеді, тараптардың ешбіріне бұра тартпайды, шындықты іздеуге және мәмілеге келуге талпыныс жасайды.