Астанада «Экстрим толқыны» спорттық мерекесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілдеде Астанада «Мега Астана» ойын сауық-сауда кешеніне қарама қарсы тұрған алаңда «Экстрим толқыны» спорттық мерекесі өтеді. Шара қала күніне орайластырылған, деп хабарлады sports.kz.
None
None

«Экстрим толқыны» Қазақстанның барлық қалаларындағы субмәдени жастарды біріктіреді. Фестивальге қазақстандық және әлемдік хип-хоп мәдениеті мен спорттың экстремалды түрлерінің жұлдыздары қатысады. Акция аясында паркур, стрит-воркаут, стритбол және BMX бойынша әлемдік деңгейдегі жарыс өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары сондай-ақ елордалық граффити шеберлерінің жұмыстарымен таныса алады. Көше мәдениетіне арналған алғашқы шара Астана күнін тойлау аясында 2009 жылы өткен еді. Бастаманы елордалық жастар жақсы қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар