Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтік емес секторы жетекшілерінің форумы өтеді
А. Қарашаның 24-i. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтік емес секторы жетекшілерінің форумы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форумының пленарлық отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЕҚЫҰ -ға төраға ретінде азаматтық қоғамды ары қарай қолдау мен дамыту бағытындағы мәселелерге тоқталған Қ. Саудабаев, «біз елордада ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтік емес секторы жетекшілерінің форумын өткізуге ниеттіміз», деді.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан үшін бұл үлкен жұмыс болатынын және біздің азаматтық қоғам қандай биіктерге қол жеткізгенін, еліміздің өмірінде ҮЕҰ-лар қандай орында тұғырланғанын көрсетуде бірегей мүмкіндік болатынын жеткізді.
«Осы орайда барлық ҮЕҰ-ларды отансүйгіштік танытып, бірлікке, сондай ақ ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның сәтті төрағалық етуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырғым келеді», деді ол.