Астанада ЕҚЫҰ саммиті күзде өтеді - И.Тасмағамбетов
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Астанада ЕҚЫҰ саммиті күзде өтеді. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде болған кеңесте қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты.
Күзде ЕҚЫҰ-ның саммиті өтеді. Ұйымға 56 мемлекет кіреді. «Саммитке мемлекет басшылары қатысады деп күтілуде. Әрине, барлық президенттер болмайды, бірақ елдер басшыларының басым бөлігі Астанада жиналады», - деді әкім.
«Сондықтан, мемлекетті жақсы қырынан көрсету - Астананың таныстырылымына байланысты», деп атап өтті И.Тасмағамбетов.